» Материалы за Апрель 2017 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Сабақ кестесі

Автор: admin от 14-04-2017, 23:35, посмотрело: 237

0 Расписание уроков 2017-2018 учебный год .

Категория: Сабақ кестесі

 

Мұғалімдердің жетістіктері

Автор: sh#4 от 7-04-2017, 00:38, посмотрело: 454

4 Коучинг- жоспары
Коуч: Айдынбекова Динара Тураровна
ІІ – деңгей. Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Тақырыбы Lesson Study –сабақ үдерісін жан – жақты зерттеу амалы




Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Алтын белгі иегерлері 2016-2017жж

Автор: admin от 4-04-2017, 22:44, посмотрело: 279

1


АЛТЫН БЕЛГІ 

Алдан Айжан.

Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта мектептің 11 сынып оқушысы, «Алтын белгі» иегері

Айжанның оқуға деген ынтасы зор, зерек оқушы, алғыр, әр пәнді зор ниетпен оқиды, математика пәнін ерекше сүйеді. Оның жетістіктері: 2015, 2016 жылдары «Ақбота» интеллектуалды марафонында III дәрежелі дипломымен марапатталды. 2015 жылы математика пәнінен аудандық олимпиададан 2-орынға, 2016 жылы 2-орынға ие болды. 2016 жылғы КИО интернет олимпиадасынан математика пәнінен «Бас Жүлде» ; география пәнінен 3-орын иегері. 2015 жылғы аудандық «Қыз сыны» байқауында ерекше өнер көрсетіп, 1-орын иеленіп, қазақ қызына тән қарапайымдылығы мен биязылығын көрсете білді. Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың образын сомдау арқылы көркем сөз өнерін керемет оқып, көпшіліктің көңілін толқытып, көздеріне жас алғыздыра білген ерекше талант иесі. Айжан тек қана монологты ғана оқымай, би өнерімен де жұртты таң қалдыра біледі. Тек білімді ғана емес, бойына сегіз қырлы, бір сырлы өнерімен көпшілікті тәнті қылған жас талмаш қыз. Өйткені, фортепианоны сызылтып ойнаса, гитараны шертуде де тамаша нәзіктігімен таң қалдыра біледі. Сондықтан да Айжан Асланқызы болашақта биіктен көрініп, жан-жақтан өз білімін, өз өнерін көрсететініне біз сенімдіміз. Үш тілді жетік меңгерген Айжан, шет елінен келген, не болмасын өзі шет елге кеткен жағдайда, өзге ұлттармен еркін тіл табыса алатынына кумәнім жок.

Жәділ Аягүл

Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта мектептің 11 сынып оқушысы, «Алтын белгі» иегері

Аягүл - оқу жұмысына белсенділігі жоғары, ынтасы зор, зерек оқушы. Барлық сабаққа белсене қатысады, биология пәніне ерекше көңіл бөледі. Аягүл - сабырлы, ынталы, барлық қойылған сұрақтарға жүйелі жауап беретін, бойында қазақ қызына тән қасиеттерін көрсете білген оқушы. Елбасымыз «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында » демекші, сеніммен айтқан осынау сөздері осы Аягүлімізге тән секілді. Себебі, өз бойындағы білімділігі мен жан-жақтылығы, күнделікті әлемдегі болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардан хабардар болып, өмір ағымен жүре білетін жас жеткіншек. Қандай сала болса да, қандай сұрақ болса да өз ойын еркін жеткізіп, айта алатын тамаша азамат. Оның жетістіктері: 2015-2016 оқу жылдары «Ақбота» республикалық интеллектуалды марафонда III дәрежелі дипломымен марапатталды. 2015-2016 жылы биология пәнінен аудандық олимпиададан II орынды, 2016-2017 жылы 1 орынға ие болды. 2016 жылғы «КИО» олимпиадасында биология пәнінен I дәрежелі дипломмен марапатталды. Заманауи өмірдің талабына сай үш тілді жақсы меңгерген тамаша шәкірт. Интеллектуалдық ойындарда, тіл сайыстарына белсене қатысып, терең білімімен ерекшеленді.

Қайділда Мирас

Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта мектептің 11 сыныпоқушысы, «Алтын белгі» иегері

Мирас мінезі ашық, кеңпейілді, зерек, сабаққа деген ынтасы зор оқушы. Ол мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс-шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп, бетке ұстар оқушы екенін дәлелдеді.

2014-2015жылдары аудандық пән олимпиадасына қатысып, өзінің терең де мазмұнды білімін көрсетіп жүлделі екінші орынға ие болды. 2015-2016жж. «Ақбота» республикалық интеллектуалды марафонында III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Үш тілдік саясатын дамыту үшін ұйымдастырылған аудандық «Ой-сана» байқауында үшінші орын иегері атанды. Тарих пәнінен аудандық жобалар байқауында жүлделі үшінші орынмен марапатталды. 2016-2017жж. аудандық пән олимпиадасында химия пәнінен 1 орын, облыстық олимпиада да 3 орынға ие болды. Сонымен қатар спорттық іс-шараларға белсене қатысып, аудан көлемінде үлкен жетістіктерге жетті. Өзінің сегіз қырлы, бір сырлы оқушы екенін көрсетті.


Категория: Алтын белгі иегерлері

 

ҰБТ

Автор: admin от 4-04-2017, 22:38, посмотрело: 332

1


Результаты ЕНТ 

Категория: ҰБТ туралы