Мұғалімдердің жетістіктері » СШ №4 им. Больтерикова
Жамбыл облысы
Қорлай ауданы білім бөлімінің
"№4 Бөлтірікова атындағы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-54-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 4-54-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалімдердің жетістіктері
07
апрель
2017

Мұғалімдердің жетістіктері

Мақсаты Мұғалімдерге оқушыларды зерттеуге, қызығушылығын арттыруға, білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуға, бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін педагогикалық тәсіл туралы түсінік беру. 
Мұғалімдерді болашақта мектебімізде Lesson Study-сабақтарын ұйымдастырып, өткізуге ықпал ету.
Оқу нәтижесі «Lesson Study» әдісі туралы түсінік қалыптасады, 
• Шығу тарихы, таралу елдері туралы мағлұмат алады. 
• Бұл тәсілдің мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді жақтарымен танысады. 
• Өз тәжірибелерінде қолдануға бағыт- бағдар алады, сыни ойлаулары дамиды.
Түйінді идеялар Lesson study - сабақты зерттеу, зерделеу, білімді жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәсіл

Сабақта қолданылатын материалдар Слайд-презентация, видеожазба, тренингтер, маркерлер, үлестірме материалдар
Ұйымдастыру формасы Топтық жұмыс. Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі
Дерек көздері Әдістемелік нұсқау. 
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Түрткі сұрақтар 1. Берілген материалды барлық оқушы меңгеріп, бірдей дәрежеде игеріп кетеді деп ойлайсыз ба? 
2. Күнделікті сабақтарыңызда барлық оқушыны қамтып, бақылау жасауға мүмкіндік бола ма? 
3. Берілген материал бойынша сұрақтарға барлық оқушы өз пікірлерін білдіріп, жауап беру үшін не істейсіз? 
4. Мұғалімге өз сабағында барлық балалармен жеке жұмыс жасауына мүмкіндік бар ма? 
5. Қабілет дағдысы орташа немесе әлсіз оқушыларға көмек, қолдау көрсетуде қандай әдіс-тәсілдер қолданар едіңіз? 
6. Сабағыңызды жоспарлауда немесе сабақты зерттеп, бақылауда басқа әріптестеріңізбен бірлесіп жұмыс жасайсыз ба? 
7. Сабақ барысындағы оқушының іс-әрекетін зерттеу сапалы білім берудің -кепілі деген пікірмен келісесіз бе? Неге?
8. Сыныптағы оқушыларды зерттеу барысында сізгі қандай іс-әрекеттерді жүргізу маңызды деп ойлайсыз?
Тапсырмалар Топтық талдау, салыстыру, зерттеу, сыни ойлау.


Коучинг барысы Коуч әрекеті Мұғалімдердің әрекеті
1.Ұйымдастыру бөлімі
5 мин.
2. Топқа бөлу
1. Танысу сәті « Жеміс-жидек салаты». 
Мұғалімдер тренингке қатыса отырып, жағымды әсер алады.
Қоуч қатысушылармен танысады. Әр қатысушы өзінің аты жөнін айтады, қай жыл мезгілінде туылғанын мәлімдейді, сүйікті жемісің атап, өзін сол жеміспен салыстырады

Жыл мезгілдері арқылы топқа бөлінеді.
3.Ой қозғау
«Ой шақыру» стратегиясы
5 мин
«Сабақ» дегенде қандай ой, бірден келеді?
«Сабақ» дегеніміз не?
Сабақты түрлендіруге болады ма? 

Мұғалімдер топта отырып талдайды, ойын постерге жинақтап ортаға шығарады
4.«БББ» кестесін толтыру
3 мин Білемін Білгім келеді Білдім
Қатысушылар кестені толтырады
5.Мағынаны тану 
7 мин

6.Презентация арқылы таныстырылым
3 мин Мәтінмен танысу.

Арнайы дайындалған презентация арқылы «Lesson study» әдісі туралы қысқаша түсінік беремін.
.Мұғалімдер теориалық ақпаратпен танысады

Презентацияны көріп, тыңдау барысында Lesson study әдісі туралы түсініктері қалыптасады.

7.Ой толғаныс
Топтық тапсырма
15 мин Мұғалімдерге үлестірме материалдар беріледі. 
1 – топ: «LS қалай жоспарлау керек?»

2 – топ «Зерттелетін оқушыны» қалай анықтаймыз?

3 – топ «Венн» диаграммасын толтыру
Сұрақ: LS және ашық сабақ арасындағы айырмашылықтары.
LS ашық сабақ 

Мұғалімдер материалдармен оқып, танысып, өз түсініктерін постерге түсіріп,оны топтың бір мүшесі таныстырады, қалғандары басқа топтардың таныстырылымын сағат тілінің бағыты арқылы тыңдайды.


4 топ «Диаманта» құрастырады.
Рефлексия

7 мин «БББ» кестені толтыру, аяқтау.
« Мен бәрін түсіндім, өзгеге көмек көрсете аламын»
«Мен тақырыпты түсіндім. LS –ды өткізуге қарсы емеспін»
«Мен тақырыпты түсінген сияқтымын, бірақ маған көмек қажет»

Мұғалімдер қолдарындағы стикерлерге аттарын жазып, өз қалаулары бойынша жапсырады

Похожие публикации:

05 март 2017 ҰБТ 2017-2018
04 апрель 2017 ҰБТ