Қашықтықтан оқыту-заман талабы. » СШ №4 им. Больтерикова
Жамбыл облысы
Қорлай ауданы білім бөлімінің
"№4 Бөлтірікова атындағы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-54-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 4-54-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қашықтықтан оқыту-заман талабы.
06
август
2020

Қашықтықтан оқыту-заман талабы.

Қашықтықтан оқыту-заман талабы.

Қашықтықтан оқыту-заман талабы.
Елімізде короновирус пандемиясының таралуына жол бермеу, індетті алдын алу мақсатында төтенше жағдайдың жариялануына байланысты оқытудың жаңа түрі енгізілгені белгілі. Білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов бұл шешімді лезде қолға алып, елдегі барлық білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсынды. Еліміз үшін маңызды сәтте де ұлт болашағының білімді, саналы болып қалыптасуына аянбай еңбек етіп, ел ертеңінің жарқын болуына сүбелі үлес қосқан білім мен ғылым жанашырының бұл әрекеті – ұстаздар үшін шын мәнісінде мәртебелі міндет!
Бүгінде, Жамбыл облысы Қордай ауданы, Қордай ауылындағы #4 мектеп-лицей толықтай өз қызметтерін онлайн режимінде атқарып отыр.
Оқушылар үшін қашықтықтан оқыту түрлі форматта жүргізілуде. Елімізде «Bilim Land», «Күнделік.кз», «Мектеп Онлайн», «Дарын Онлайн» интернет платформалары мұғалімдер мен оқушыларға тегін қызмет ұсынып отыр. Мұнда әр пән бойынша бірнеше мыңнан астам бейнесабақ орналастырылған. Мектеп оқушылары «Балапан тв», «Ел Арна» телеарналары арқылы бейне-сабақтарды көріп, тыңдап болған соң, түсіндірілген жаңа тақырыптар бойынша мұғаліммен ұялы байланыс мүмкіндігін пайдалану арқылы, сұрақтарына жауап алып, үйренген білімін жетілдіре түсуде. Сонымен қатар, WhatsApp, Телеграмм және басқа да әлеуметтік желілер мен электронды пошталар арқылы мұғалім мен оқушының байланысы нығая түсіп, білім алушының ойлау деңгейі кеңейе түсуіне ықпал жасалуда.
Оқушылардың білімге деген құштарлығы арта түссе, бар қиындықты жеңері сөзсіз. Олардың үйренуге деген ынтасы кез-келген кедергіден, бүгінгідей жаңа форматқа көшкенде туған тосқауылдардан да тосылмауға көмектеседі. Қашықтықтан оқыту кезінде тәрбие жұмысы да қалыс қалмауда. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануы үшін «Біз біргеміз» атты челлендж өз жалғасын тапты. Себебі, сапалы білім мен саналы тәрбие оқушы мен мұғалімнің ынта-ықыласынан қалыптасады. Бұл кезеңде ата-аналар да өз үлесін қосуда. Осы үштік одақ бірлесе жұмыс істесе ғана, қашықтан оқыту нәтижелі болмақ!
Еліміз үшін артылған міндет пен күтілер сенімге адал болып, жауапкершілікпен қарау – әрқайсысымыз үшін парыз! Қашықтықтан оқыту – заман талабы екендігі даусыз. Қазіргідей сын сағатта заманның озық технологиясынан қалыс қалмай, нәтижелі еңбек көрсетіп, бұл белесті бірге бағындырайық!