Қордай ауылының № 4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп лицейдің қамқоршылық кеңес жиналысы » СШ №4 им. Больтерикова
Жамбыл облысы
Қорлай ауданы білім бөлімінің
"№4 Бөлтірікова атындағы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 4-54-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 4-54-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қордай ауылының № 4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп лицейдің қамқоршылық кеңес жиналысы
05
октябрь
2020

Қордай ауылының № 4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп лицейдің қамқоршылық кеңес жиналысы

Қордай ауылының № 4 Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп лицейдің қамқоршылық кеңес жиналысы
Хаттама №1
Күні: 04.09.2020
Қатысты:
1. Директор Байсуанова Гульмира Болатовна
2. ДТЖО Ильясова Г.К.
3. 1 – 11 сынып ата – аналар комитеті
4. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері
5. Қатыспағандар: жоқ
Қамқоршылық кеңес жиналысының тақырыбы: «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру»
Қамқоршылық кеңесінің отырысы «ZOOM» платформасы арқылы өтті. Бірінші мәселе бойынша «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында түсіндірме жасады. Мектеп директоры Байсуанова Г.Б сөз алды:
Білім мен тәрбие негізінің мектептен бастау алатыны, яғни, осы бағыттағы үрдістің ата-ана,мектеп, мұғалім үштігі болып бірге жұмыс жүргізгенде ғана жүзеге асатыны белгілі. «Мектепке жол» акциясының өту барысында демеушілік жасап, қайырымдылық көрсеткен кәсіпкерлер, ұстаздардан түскен қаржыны сынып жетекшілердің тапсырған сұранысы бойынша қарап, арнайы комиссия мүшелері анықтап, аз қамтылған оқушыларды керекті киім-кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп отыр. Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын –алу жұмыстары арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарлы түрде көптеген шаралар алынды. Баяндама барысында ата-аналарға мектебімізде қашықтықтан оқыту қалай жүргізілетіні туралы айтылып, презентация көрсетілді. Баяндамадан түйгендері мен презентациядан көргендерін ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті.
Екінші мәселе «Қашықтықтан оқудағы ата –ананың міндеттерін түсіндіру» бойынша ДТЖО Ильясова Г.К. таныстырып өтті, осыған байланысты арнайы дайындалған жадынамамен таныстырып, ата-аналардың пікірін тыңдап, ой бөлісті. «Мен қашықтан қалай оқимын?» жөнінде ешқандай қиыншылықтар туындаған жоқ. ZOOM платформасы қиындықтар туғызатынын айтты. (интернеттің дұрыс ұстамауы, дауыстың дұрыс естілмеуі) Ата-аналар ватсаппен және мүмкін болған барлық желілермен оқыған ыңғайлы деген ұсыныс білдіреміз. Үшінші мәселе: балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша мектеп жіберген ұсыныстар түсіндірілді, презентация арқылы таныстырылып, қандай ресурстарды қолдануға болатыны жөнінде айтылды. Ата-аналарға біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүзеге асатындығы туралы айтылды. Ата-аналарға сабақ және үзіліс уақыттары көрсетілді. Мектепте оқу “ZOOM, Classroom” платформалары, «BILIMLAND, KUNDELIK.KZ” және ватсап мессенджері арқылы ұйымдастырылды. Әр пән бойынша ватсап топтар ашылды. Оқушыларға сабақ кезінде мұғалімдер тарапынан қысым көрсетілмейді. Төртінші мәселе «Карантин індетіне байланысты жадынамамен таныстыру, пандемиялық жағдайға байланысты жалған ақпарат таратудан сақ болу» туралы кеңестер берілді, слайдпен көрсетіліп өтті, ата-аналарға баламен сөйлескенде қандай көңіл күйде тұрса да эмоциясын тежеп, сабырлы болу керектігі айтылды. Бесінші мәселе «Ағымдығы мәселелер» (Оқушының тәртібі, қашықтықтан оқытуда оқушының таза, ұқыпты киінуін қадағалау,сабаққа қатысуы, мектеп ережелерін сақтауы Kundekik.kz») қарастырылды, «Kundekik.kz» мәселесіне ерекше тоқталып, ата-аналарды күнделіктің функцияларымен таныстырып, қалай дұрыс жұмыс жасау керектігін түсіндірді. Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылды. Мысалы: кейбір ата-аналарда интернет желісі нашар екендігі, ZOOM платформасымен жұмыс істеу қиынға соққандығы айтылды.
Шешім:
1. Күн тәртібінде қаралған мәселелер қатерге алынсын.
2. «Қашықтан оқытуды ұйымдастыруда ата-ана тарапынан балаға жағдай жасау, қолдау көрсету;
3. Педагогикалы-психологиялық кеңестерге құлақ түріп, бала психолгиясына көңіл аудару керектігін назардан тыс қалдырмасын;
4. Уақытымен күнделікке кіріп, баланың сабақ үлгерімін бақылауда ұстау;
5. Балалардың психологиялық жағдайына назар аудару;

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Нуркиясова Анара Сагиновна
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері: Сырлыбаева Асем
Накисхожаева Гульшат
Қамқоршылық кеңесінің хатшысы: Оспанова Жанат